Астанада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров пен Sarens компаниялар тобының президенті Людо Саренс инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба Жетісу облысындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Кездесуде жобаның қазіргі іске асырылу барысы, "Нұр Жолы" автомобиль өткізу пункті маңында айналма жол салу, көлік-логистикалық кешен құру және шекара маңы инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.
Сонымен қатар тараптар жобаны жүзеге асыру барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселесін талқылады.
Кездесу қорытындысында вице-министр құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Тараптар жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға келісті.