Жетісуда мәдениет үйін жөндеуге бөлінген 212 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

127

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 212 млн теңгеден асады.  

Жетісуда мәдениет үйін жөндеуге бөлінген 212 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған Фото: egemen.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 753 млн теңге сомасына келісімшарт жасалған. Құжатқа сәйкес, нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда әлі күнге дейін ғимарат қолданысқа берілмеген.

Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлемі жүргізілген бірқатар жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны анықталды.

Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеу қойылды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу