Облыс прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан 6 адамнан құралған қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәріздес қылмыс құралдары, сондай-ақ сойылған малдар сияқты заттай айғақтар тәркіленді.
Тәркіленген мүлік қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жасалғанын дәлелдейді. Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта олардың облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.