Облыстық прокуратура мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарқан ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде "Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ тарапынан шарттық міндеттемелерін толық орындаған кәсіпкерлерге төлем жасалмағаны анықталды. Нәтижесінде 30 кәсіпкерге жалпы сомасы 7,1 млн теңге төленбеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, берешек толық көлемде өтелді. Тексерістен соң кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.
Жетісу облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін мобильді топ тұрақты түрде жұмыс істейді.