Жетісуда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

142

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Жетісуда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты Фото: Massaget.kz

Жетісу гарнизонында орналасқан десанттық-шабуылдаушы әскерлер бөлімшеcінің бірінде кезекті жауынгерлік оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қару-жарақпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылуы салдарынан болған.

Қорғаныс министрлігі шенеуніктердің салғырттығы немесе әрекетсіздігі анықталса, барлық кінәлі адам заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатынын қадап айтты.

Оқиға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жіті бақылауында. Қарулы Күштердің басшылығы көз жұмған әскери қызметшінің отбасына шын ниетпен көңіл айтты. Оның отбасы мен жақындарына барлық қажетті көмек көрсетіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу