Жетісуда өз оқушысын зорлаған мұғалім 20 жылға сотталды

520

Үкімді Жетісу облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісуда өз оқушысын зорлаған мұғалім 20 жылға сотталды Фото: Сарқан полициясы

39 жастағы мұғалім 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Қылмыс та қаладағы қонақ үйлердің бірінде орын алған. 

Мұғалім Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанға белгілі адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 122-бабының 2-бөлігі (Жыныстық қатынас және он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылды.

Оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге шығын өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу