Жетісуда прокуратура 1,4 мыңнан астам ветеринария қызметкерінің құқығын қорғады

361

Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу мен еңбек қауіпсіздігі саласындағы заң бұзушылықтар анықталды.  

Жетісуда прокуратура 1,4 мыңнан астам ветеринария қызметкерінің құқығын қорғады Фото: Kursiv Media

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ветеринария саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, 1,4 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның тексеруі барысында өңірлік ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шаралар бойынша қызметтерді бір көзден сатып алуға заңсыз әрекет жасағаны белгілі болды. Бұл жағдай мыңнан астам маманның жұмыссыз қалу қаупін тудырған.

Сонымен қатар, 2023–2024 жылдары пайдалануға берілген 49 ветеринариялық нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, электр желілеріне қосу кезінде жерге тұйықтау жүйесі орнатылмаған.

Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылып, ветеринария қызметкерлерінің еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ нысандардың техникалық жағдайы қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді.

Жетісу облысының прокуратурасы мемлекеттік мекемелердегі қауіпсіздік стандарттары мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды басты назарда ұстай отырып, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу