Жетісуда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үй берілді

228

Прокуратураның үйлестіруімен түзелу жолына түскен тұлғаларды қолдау бойынша нақты шаралар жасалды.

Жетісуда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үй берілді Фото: Pixabay.com

Жетісу облысында жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар үймен және жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаратал ауданының прокуратурасының үйлестіруімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және түзелу жолына түскен тұлғаларды қолдау бойынша нақты шаралар сәтті іске асырылды.

"Аудан прокуратурасының меценаттармен белсенді өзара іс-қимылының нәтижесінде алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Ш.-ның өмірлік маңызды мәселесі шешілді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әйелге жеке меншік құқығымен абаттандырылған үш бөлмелі тұрғын үй берілді. Отбасын тұрақты баспанамен қамтамасыз ету кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және ананың қоғамға сәтті бейімделуіне негіз болды", – делінген хабарламада.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат К.-ға дәнекерлеу цехын ашу үшін 1,5 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік қайтарымсыз грант бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу