Жетісуда тағы бір шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

299

Ол 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде.

Жетісуда тағы бір шенеунік пара алды деген күдікке ілінді Фото: egemen.kz

Жетісу облысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол пара алды деген күдікпен ұсталған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпарат бойынша ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2-ші және 3-ші санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде. 

– Кінәсін толық мойындауына байланысты сот күдіктіге қатысты "электрондық білезікті" қолдану арқылы "үйқамақ" бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасуда, – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынған ақпаратында.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу