"Алматы-Өскемен" автожолының 287-557 шақырымы аралығында жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтожол" ҰҚ-ның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорған — Үшарал бағыты бойынша уақытша шектеу қойылды.
Сағат 22:00-ден бастап "Алматы-Өскемен" автожолының 287-557 шақырым аралығында (Талдықорған қаласынан Үшарал қаласына дейін) жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге (автобус) шектеу қойылды, — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, жолға жауапты компания тәулік бойы жүргізушілерге республикалық трассалардың жағдайы туралы мәліметті ұсынуға дайын. Ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.