Нақтылап айтқанда, өндіріс жұмыстары тиісті рұқсатсыз мемлекеттік меншікке жататын жерлерде жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданында жер қойнауын пайдаланушы компания мемлекеттік меншікке жататын аумақта заңсыз әктас өндіргені анықталды.
ҚР АШМ Жер ресурстары аймақтық комитеті жүргізген тексеру нәтижесінде бұзушылық расталып, заңды тұлғаға нұсқама берілді.
Компания ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,7 миллион теңге айыппұл төлеп, мемлекет кірісіне өтеді.
Комитет жер заңнамасын бұзуға қарсы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу