Талдықорған – Текелі тасжолында жүріп келе жатқан көліктің үстіне алып ағаш құлады

204

Қатты желден болған оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.  

Талдықорған – Текелі тасжолында жүріп келе жатқан көліктің үстіне алып ағаш құлады Фото: kaz.inform.kz

Талдықорған – Текелі тасжолында қатты желдің салдарынан жол бойындағы алып ағаш жүріп келе жатқан жеңіл көліктің үстіне құлап, жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 21 шілдеде Қарабұлақ – Текелі автожолының "Өмір бұлақ" аумағында болған. Қатты желден ағаш жолдың үстіне құлап, сол сәтте өтіп бара жатқан Toyota Camry автокөлігін басып қалған.

Көлік ішінде бес адам болған. Оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алған. Құтқарушылардың айтуынша, көлік ішінде қысылып қалған адамдар болмаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құлаған ағашты кесіп, жолды тазартқан. Сондай-ақ көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Ескелді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккен жүргізуші аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Осыған байланысты Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерді қатты жел кезінде сақтық шараларын күшейтіп, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға және жол бойындағы ағаштар мен басқа да заттардың құлау қаупін ескеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу