Жетісуда жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 93 пайызға жетеді

337

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникация Қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды. 

Жетісуда жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 93 пайызға жетеді Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысында жыл соңына дейін 199,5 шақырым облыстық маңызы бар жолдар мен 80 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарын қамту жоспарлануда. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 93 пайызға жетеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Орталық Коммуникация Қызметі алаңында ұйымдастырылған баспасөз брифингіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, облыстағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында 358 елді мекеннің 323-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.

"Жыл соңына дейін екі ауыл орталықтандырылған су құбырына қосылады. Бұл Қаратал ауданының Бірлік және Бесағаш ауылдары. Облыстағы тағы 15 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарады", - деді аймақ басшысы Бейбіт Исабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу