Олар бірнеше жылдар бойы тепловоздардан жанар-жағармай ұрлап келген. Қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Жетісу облысы Алакөл ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды", – делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметте.