Жетісудағы 2 гектар жерге заңсыз қоқыс өңдейтін зауыт салынбақ болған

174

Бас прокуратура заңсыз иелікке өткен Жетісудағы жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісудағы 2 гектар жерге заңсыз қоқыс өңдейтін зауыт салынбақ болған Фото: qazdauiri.kz

Облыс прокурорларының сөзінше, аукционсыз жекенің қолына өтіп кеткен жерге жаңа иесі заңсыз қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлаған.

"Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген.  Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару Департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды. Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", — делінген хабарламада.

Кейінгі жылдары заңсыз қолға өткен жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, алайда бұл жұмыстар ұзаққа созылуда. Осыған дейін Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 22 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу