Жетісудағы жер дауы

686

Соңғы жылдары ауыл іргесіндегі жайылымдық жерлерді кәсіпкерлер иемденіп, мал өрісін тарылтқанын айтуда.

Жетісудағы жер дауы Фото: ашық дереккөзден

Жетісуда жер дауы ушығып, ауыл халқы Алматы-Талдықорған тас жолын жауып тастады. Тұрғындар жайылымдық жердің тапшылығы мен әлеуметтік әділетсіздікке шағымданды. Наразылықтарын білдіруге шыққан өңірдегі Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары. Олар соңғы жылдары ауыл іргесіндегі жайылымдық жерлерді кәсіпкерлер иемденіп, мал өрісін тарылтқанын айтуда. Тіпті былтыр екі жақты жер таласы салдарынан 100-ге жуық қой қырылыпты.

Кәсіпкерлер тарапынан қысым көрсетіліп, бақташылар да мал бағудан бас тартып жатқан көрінеді. Шаруалар шағымдарын ел Президенті пен халық қалаулыларының назарына жеткізгісі келеді.

"Бізде жайылымдық жер жоқ. Бұрын савхоз кезінде көп болатын. Кейін тамыр-таныстармен байлар жерімізді алып алды. Ауылдың малы жайылатын жері жоқ",- дейді ауыл тұрғыны Еркінбек Қалдыбаев.

Ауылға келген аудан басшысы болса, тұрғындардың мәселені жазбаша түрде жергілікті билікке жеткізбегенін сынға алды. 

"Қызметке келген 6 айда ауыл халқынан бірде-бір арыз көрмедім",- деді Көлбаев. 

Орынбасары елді мекен маңындағы жерлерді кәсіпкер конкурс арқылы заңды алғанын алға тартты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына жайылым үшін 1600 гектар жер берілгенін де сөз етті. Алайда ауылдағы мал басы артып, жайылымға қажеттілік 2 есеге артыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу