Жетісулық жасөспірім сыныптастарымен болған жанжалдан кейін жан тапсырды

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті ресми парақшасында мәлім етті. 

Жетісулық жасөспірім сыныптастарымен болған жанжалдан кейін жан тапсырды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

– Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындап, оның барысында жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейіннен көз жұмған.

Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді.

Сонымен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада. 

Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Чарапиев тергеу барысы басшылықтың ерекше бақылауында екенін айтты. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу