Жетісу облысында жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар күрт көбейіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыста екі ай ішінде ЖРВИ жұқтырған 9 800-ден астам адам тіркелді. Былтырмен салыстырғанда эпедимиологиялық жағдай күрделене түскен. Бір жылда науқастар саны 23,9%-ға артқан. Соған байланысты Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дабыл қақты. Олар тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын күшейтуге шақырды.
"Барлығы 115 адам тұмау жұқтырған. Облыс ауруханаларына қазаннан бері 1 237 адам жатқызылып, ем-дом қабылдады. Оның ішінде 188 жүкті әйел мен жасқа толмаған 78 бала бар", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Кенжеғұлова.
Кейінгі дерек бойынша, қазір ауруханаларда ЖРВИ жұқтырған 87 адам ем алып жатыр, арасында 62 бала бар.