Жетісулық веломарафоншы 1250 шақырым жүріп, Түркістанға келді

493

Веломарафоншы Түркістан мен Кентау қалаларының велоспорт өкілдерімен, жас спортшылармен кездесті. 

Жетісулық веломарафоншы 1250 шақырым жүріп, Түркістанға келді Фото: Tochka.by

63 жастағы Бақытжан Бектенов салауатты өмір салтын қолдайды. Ол Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылынан Түркістанға дейін 6 күн ішінде 1250 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Бұрын веломарафондарға қатысып, 11 рет мәре сызығын кесіп өткен велошабандоз сапарын сәтті аяқтап, қасиетті Түркістанға табан тіреп, өз пікірімен бөлісті.

– Бұл жолы рухани шаһарға сапар шегуімнің мән-маңызы өте зор. Осындай қасиетті өлкенің мәдениеті және туризмімен жіті танысқым келді. Мені қарсы алып, құрмет көрсетіп жатқан жандарға мың алғыс. Түркістан облысында бұқаралық спорт жаңа сипатқа еніп, еліміздің болашағы жастарды спортпен көптеп шұғылдануға шақырамын, – деді Б.Бектенов.

Алдымен Түркістан қаласының жастарымен кездесіп, пікір алмасып, өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ Бақытжан Бектенов сапарын Кентау қаласына жалғастырып, ондағы жас спортшылармен жүздесті. Жасөспірімдерге ағалық ақылын айтып, велоспортты дамыту маңызды екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу