Жетісулық жас өнертапқыштар облыс әкімінің арнайы грантына ие болды

951

Жетісулық жас өнертапқыштар облыс әкімінің арнайы грантына ие болды

Жетісулық өнерлі өрендердің инновациялық жобаларын қолдау мақсатында жыл сайын облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалады, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 8 жоба іріктеп алынған. Жақында оларға 5 млн теңге грант бөлінді. Жеңімпаздардың екеуі мектеп оқушысы.

Байқаудағы ең жас қатысушының бірі – Ескелді ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Азамат Жантенов. Жас өнертапқыш қалдықтың өзін табыс көзіне айналдырмақ. Ол үшін термоөңдеу технологиясын зерттеп, арнайы жабдық жасапты.

Ал осы мектептің 10-сынып оқушысы Райымбек Әділханов электронды микроскоп ойлап тапқан. Өресі биік өрендердің екеуі де 1 млн теңгелік грантқа ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу