Жетісулықтардың 1-қарашаға дейін орманға баруына тыйым салынды

580

Қазіргі уақытта өңірдегі мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қаупі жоғары деңгейде. 

Жетісулықтардың 1-қарашаға дейін орманға баруына тыйым салынды Фото: ашық дереккөз

Жетісулықтардың қыс айларына дейін орманға баруына тыйым салынды. Сол себепті облыс әкімі Бейбіт Исабаев, 1-қарашаға дейін жеке тұлғалардың орманға баруына шектеу қойды.

Қаулы 23-маусымда күшіне енеді. Оның орындалуын Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қадағалайды. Еске салсақ, мұндай шектеу бұған дейін Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу