Куәгерлердің айтуынша, жеткіншек фонтанда шомылып жүріп, су жұтып қойған.
Тереңдігі 1 метрден асатын субұрқаққа ол өзге қатарластарымен бірге секірген. Бірақ, суда жүзе алмайтын жасөспірім қайта шыға алмай қалған.
Баланың суға секіргенде денесін қатты затқа соғып алғаны немесе өзге қандайда бір жағдайға тап болғанын анықтау үшін арнайы медициналық сараптама тағайындалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу