Жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешекті төмендету қажет – Мағзұм Мырзағалиев

681

Электр станциялары мен электр желілеріндегі жөндеу жұмысын аяқтап, отын жеткізушілер алдындағы берешекті азайтсақ, биылғы жылыту маусымы ойдағыдай өтеді. Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешекті төмендету қажет – Мағзұм Мырзағалиев

"Коммуналдық қызметті тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін де төмендету қажет", – деді министр. 

Оның айтуынша, елдімекендердің білім, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік және мәдени сала объектілерін жылумен жабдықтау жүйесіне дер кезінде қосуды қамтамасыз ету қажет. 

"Еліміздің тіршілік үшін өте маңызды коммуналдық нысандарын, әсіресе денсаулық сақтау нысандарын дербес электрмен жабдықтаудың резервтік көздерімен қамтамасыз ету керек. Жылыту кезеңінде электр станцияларына, қазандықтарға және өңір халқына көмір мен мазут тұрақты жеткізілуге тиіс", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу