Жетісу облысында оңтүстікқазақстандық екі тұрғын мыңға жуық ағашты кесіп, орманды қиратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы Ақсу ауданында полицейлер тіркемесі жаңа кесілген ағашқа толған үлкен жүк көлігін тоқтатты. Оңтүстікқазақстандық екі адам Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының арасындағы тұтас орманды қиратып, ағашын алып кеткен.
"Орман белдеуінде барлығы мыңға жуық ағаш кесілді. Оның көлемі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен ("Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау") қылмыстық іс қозғалды", делінген полиция хабарламасында.
Күдіктілер – Алматы және Талдықорған қалаларының тұрғындары. Ер адамдар 28 және 38 жаста. Сот "келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасын белгілеу туралы шешім қабылдады.