Жетісу облысында газ құбырын орнату кезіндегі көзбояушылықтар анықталды

426

Жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық - 49 км-ден астам желі.

Жетісу облысында газ құбырын орнату кезіндегі көзбояушылықтар анықталды Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, 7 тамызда қадағалаушы мекеме Ескелді ауданында газ тарту желісін салу жобасын жасау кезінде заң бұзушылықтар болғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қағаздағы дерек пен іс жүзінде жұмыс көлемі мүлде сәйкес келмейтін болып шықты.

Жетісу облысының прокуратурасы талдау аясында 150 млн теңгеден астам сомаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен материалдарды анықтады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен "Ескелді ауданының газ тарату желілерін салу" жобалық-сметалық құжаттамасында 75 км болат құбырларды төсеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Бұл ретте жұмыс жобасында көрсетілген жұмыс көлемі 26 км көлемінде бекітілгені көрсетілген, бұл сол орындарға барумен дәлелденген. Жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық - 49 км-ден астам желі.

"Прокуратураның актісіне сәйкес тапсырыс беруші негізсіз енгізілген жұмысты алып тастап, келісім-шарт сомасын қысқартты. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу