Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бойынша 2026 жылғы 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:42-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жетісу облысының кейбір аудандарында сілкініс 2-3 баллға дейін сезілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу