Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртенді

417

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртенді Фото: Жетісу облысы ТЖД

Балпық би ауылында автобустың неден өртенгені анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына жеткен сәтте жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 10:58-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу