Жезқазған, Алматы және Астана қаласының 4 тұрғыны криптовалюта қаржы пирамидасын құрған

446

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам салымшылар қаражатты тартқан.

Жезқазған, Алматы және Астана қаласының 4 тұрғыны криптовалюта қаржы пирамидасын құрған Фото: Liter.kz

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны "MetaGo" жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Inbusiness.kzҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу