Жезқазған-Астана бағытындағы пойыз жүк вагонымен соқтығыса жаздады

131

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.   

Жезқазған-Астана бағытындағы пойыз жүк вагонымен соқтығыса жаздады Фото: kaztag.kz

Кеше сағат 21:38-де Жарық–Жезқазған учаскесіндегі Қызылжар–Түйемойнақ аралығында Жезқазған–Астана бағытындағы №107 жолаушылар пойызының машинисі жылдамдығы 12 км/сағ болған кезде жолда бөгет тұрғанын байқап, пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Локомотив бригадасының кәсіби әрі жедел әрекеттерінің арқасында ірі зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Десе де пойыз бен жүк вагоны қатты түйіскен. Қаза тапқандар жоқ, алайда кейбір жолаушылар шұғыл тоқтаудың салдарынан жеңіл жарақат алды, – делінген хабарламада.

Пойыз сағат 23:14-те сапарын қайта жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивке зақым келмегені хабарланды.

Компанияның мәліміетінше, оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу