2024 жылы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті аталған компанияға қатысты тергеу жүргізіп, оның әрекеттерінен бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерін анықтаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компания бұл қорытындымен келіспей, сотқа жүгінген. 2024 жылғы 25 қарашада ауданаралық әкімшілік сот компанияның талабын қанағаттандырып, тергеу нәтижелері мен заңбұзушылық туралы хабарламаның күшін жойған. Алайда департамент апелляциялық шағым түсіріп, 2025 жылғы 20 наурызда облыстық сот алғашқы шешімді жойып, компанияның талабын кері қайтарды.
"Жезқазған-Эйр" кассациялық шағым қайта бергенімен, 2025 жылғы 23 қазандағы шешіммен ол да қанағаттандырылмады. Осылайша, 20 наурыздағы сот шешімі заңды күшіне енді.
Департаменттің деректеріне сәйкес, компания 2022 жылғы қараша мен 2023 жылғы мамыр аралығында авиаотынды сатудан 276,7 миллион теңге табыс тапқан. Оның ішінде монополиялық табыс көлемі – 22,9 миллион теңге, ал айналымның 3%-ы – 8,3 миллион теңгені құраған.