Жезқазған қаласында 30 отбасы баспаналы болды

1928

Биыл қалада республикалық бюджет есебінен 60 пәтерлі тұрғын үй салынады.

Жезқазған қаласында 30 отбасы баспаналы болды

Наурыз мейрамы қарсаңында Жезқазған қаласында 30 отбасына жаңа үйден пәтер кілттері табысталды. Барлық қоныстанушылар – Қазақстан ТҚЖБ-ның жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылар, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жезқазғанда тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Биыл республикалық бюджет есебінен 60 пәтерлі тұрғын үй салынады. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен салынған 90 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл тұрғын үй "7-20-25" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады.

2020 жылға қарай Жезқазғанның 226 тұрғыны қоныс тойын тойлайды. Бұл 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін қалада көпқабатты тұрғын үйлер салынбағанын ескерсек, жақсы көрсеткіш.
2017 жылдан бастап қалада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасалды. 600 жер учаскесін қамтитын инженерлік желілер жүргізілді. Осы жылы тағы 502 учаскені абаттандыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу