Жезқазған қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды

1452

Жезқазған қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды

Жезқазған қаласының "Наурыз" саябағында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды. Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, мәдениет және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Монументті орындауда суретші Саид Әйнеков пен мүсінші Тоқтар Ермеков еңбек етті. "Абай тағылымы" кешеніне ақынның қола мүсінінен басқа, қара сөздері бар бес тас плиталар кіреді.

Салтанатты шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған көріністер қойылып, өлеңдер оқылды. Соңында қала тұрғындары мен қонақтары биылғы жылы жаңартылған "Наурыз" саябағын аралап көрді. Абаттандыру аясында кіреберіс жаңартылып, тротуардың бір бөлігі ауыстырылды, жүгіру жолы пайда болды. Қолданыстағы нысандарды жаңартумен қатар "Наурыз көже", "Домбыра" және "Тайқазан" шағын сәулет нысандары орнатылды. Қараңғыда қала тұрғындары төрт музыкалық шамды тамашалай алады. Сондай-ақ саябақта 150 терек, қарағай және қарағаш көшеттері отырғызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу