Жезқазған қаласында ауруханада өрт болып, бір адам көз жұмды

778

Өрт науқастар жатқан палатадан шыққан.

Жезқазған қаласында ауруханада өрт болып, бір адам көз жұмды

Жезқазған қаласындағы орталық ауруханада 3 қараша күні өрт болып, бір науқас қайтыс болды. Қазір қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 24 өрт сөндірушісі мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ көлемі – 10 шаршы метр.

Өрт орнынан 1961 жылғы ем алушының денесі табылған. Қазіргі уақытта аурухана штаттық режимде жұмыс жасауда.

"Өрттің шығуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, мән жай анықталып жатыр. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы қаза болған науқастың жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтады", – деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар қызметі өрттің себеп-салдарын анықтауға кіріскен.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу