Жезқазғандағы қалалық қорымның 6 гектар аумағы қоршалып, жолдары дұрысталды. Мұндай ұсынысты тұрғындар мен ақсақалдар жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өткен жылы жезқазғандықтардың қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, қорымның аумағы тазартылған.
Сонымен қатар зираттардың маңайына шырақшылар үйі орнатылған. Алдағы уақытта ғимаратқа жылу жүргізіледі. Аталған жұмыстарды атқару үшін 70 миллион теңге бөлінді.
Айта кетейік, зираттар аумағының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында болашақта барлық қорым орталықтандырылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу