Жезқазғанда супермаркеттерге қант пен тауық етін жеткізген делдалдар анықталды

493

Кәсіпкер қанттың 1 келісін 438 теңгеден жеткізіп, ай сайынғы сату көлемі 65 тоннаны құрайтыны анықталды. 

Жезқазғанда супермаркеттерге қант пен тауық етін жеткізген делдалдар анықталды Фото: QazTrade

Жезқазған қаласындағы супермаркеттер желісіне "Төлеуов" ЖК қантты жеткізуде делдалдарды ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті анықтады. 

Аталған жеке кәсіпкермен комиссия жұмысының нәтижесінде көрсетілген супермаркеттер желісіне қантты делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалып, қанттың өзіндік құны 8% арзандап, 403 теңгені құрады. 

Осылайша, Жезқазған тұрғындары ай сайын 2,2 миллион теңгені үнемдейтін болады. 

Сонымен қатар, облыста "Амина" ЖК тауық етін 15 пайыздан астам тауарлық үстемемен сату фактісі анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баға 10%-ға, 1 кг үшін 1220 теңгеден 1098 теңгеге дейін төмендетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу