Жезқазған қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Интерфакс.
"Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметовтің өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішіне байланысты, президент әкімшілігінің келісімі бойынша өңір әкімінің өкімімен қызметінен босатылды", - деп хабарлады әкімдікте өткен кезекті аппараттық жиналыста Ерлан Қошанов.
Оның уақытша міндетін атқару әкімнің орынбасары Амангелді Мұхамбединге жүктелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу