Жезқазған қаласының жылу электр орталығының №5 қазандық агрегатынан ақау шықты

635

ЖЭО-ның қосалқы жабдықтары мен құрылыстарын жөндеуге 3,8 млрд теңге бөлінген.  

Жезқазған қаласының жылу электр орталығының №5 қазандық агрегатынан ақау шықты Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Жезқазған қаласының жылу электр орталығының №5 қазандық агрегатынан ақау шықты. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, 27 қарашада сағат 22:19-да Жезқазған қаласының жылу электр орталығындағы №5 қазандық агрегатында ақау шығып, оның жұмысы тоқтатылған.

"Қазіргі уақытта қазандық салқындатылып жатыр. Мамандар қазандықтың төбесін жууға және ақауды анықтауға кірісті. Жылу электр орталығының №5 қазандық агрегатының тоқтауына байланысты жылу көзінде қызбау 20 градусты құрады. Атмосфералық ауа температурасы -12 градус болғанда, жылу беру құбырында 71 градус және су кері қайтатын құбырда 53 градус болды. Ал бекітілген температуралық стандартқа сәйкес, ол 91 және 54 градус болуы қажет", - деп мәлімдеді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов.

Ол ақауды жою бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын және бүгін түнде таяуда күрделі жөндеуден өткен №6 қазандық агрегаты іске қосылатынын атап өтті. Қайрат Шайжановтың айтуынша, ертеңнен бастап қалада 4 қазандық жұмыс істейді. Сонымен қатар №4 қазандық резервке қойылады.

Әкімдік мәліметінше, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымына дайындық аясында 6 қазандық агрегаты, 5 турбина, ЖЭО-ның қосалқы жабдықтары мен құрылыстарын жөндеуге 3,8 млрд теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу