Жезқазған қыста жылусыз қалуы мүмкін бе?

603

Жергілікті билік жылыту маусымы тұрақты режимде өтеді деп сендіріп отыр. 

Жезқазған қыста жылусыз қалуы мүмкін бе? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

БАҚ өкілі "Жезқазғанның қыс мезгілінде жылусыз қалу қаупі бар ма?" деп сұрады.

"Жезқазған жылу электр орталығына келер болсақ, жыл басында "Қазақмыс Энерджи" компаниясы жөндеу жұмыстарының өзіне 2,5 млрд теңге бөлді. Бұл жеткіліксіз екені белгілі. Аталмыш мекеме "Инвестиция орнына тариф" бағдарламасы шеңберінде барлық қазандықты жөндеу, жаңарту, ауыстыру жұмыстарына қажет қаражат көлемін 11 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Бүгінгі таңда 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы 2 қазандықта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл қосымша 2 қазандық модернизациядан өтеді деп күтілген болатын. Алайда қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты жұмыстар келесі жылдың көктеміне қалдырылды", - деп жауап берді аймақ басшысы.

Берік Әбдіғалиұлының сөзінше, барлық құзырлы орган ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап отыр. 

"Қазақмыс Энерджи" компаниясы жылыту маусымын тұрақты режимде өткізуге кепілдік беріп отыр", - деп нақтылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу