Жезқазған мен Сәтбаев ауруханалары қосымша ӨЖЖ аппараттарымен жабдықталады

699

Қазір 14 ӨЖЖ аппараты сатып алынды, енді 13-і жеткізілуге тиіс.  

Жезқазған мен Сәтбаев ауруханалары қосымша ӨЖЖ аппараттарымен жабдықталады

Жезқазған өңірінің медициналық мекемелері ауыр науқастарды емдеуге арналған қосымша жабдықтармен жарақтандырылады. Қажетті жабдықты "Қазақмыс" корпорациясы сатып алуға көмектеседі, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ компания 150 оттегі концентратын, 70 пульсоксиметрлерді және 2 реагент-аппаратты сатып алады. Жабдықтар Жезқазған және Сәтбаев ауруханаларына таратылады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке Жезқазғанда медицина қызметкерлерімен өткен кеңес барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Кеңесте облыс басшысы жергілікті ауруханаларды дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді және Қарағандыдан қосымша дәрігерлер бригадасына жіберу міндетін қойды. Сондай-ақ олар келген кезде тұру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды.

"Мен бүгін мұнда эпиджағдаймен жеке танысу үшін келдім. Білемін, кейбір проблемалар бар. Олардың бірі – медкадрлардың тапшылығы. Мәселе менің жеке бақылауымда. Дәрігерлер іздейміз. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне халықтан шағымдар да бар. Жалпы облыс бойынша жеткізу басталды. Менің міндетім – ірі партияларды қамтамасыз ету, ал одан әрі әкімдер дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу үшін қажет болған жағдайда тасымалдаумен айналысуы тиіс", – деді Жеңіс Қасымбек.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгиннің баяндамасына сай, Жезқазған қаласына ыстық басатын және вирусқа қарсы препараттардың бірінші партиясы жеткізілді. Бірақ халық оларды тез сатып алып жатыр. Бейсенбі және сенбі күндері дәрі-дәрмектердің қосымша партиясы күтілуде.

Сонымен қатар, Юрий Залыгин Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының бес дәріханасында дәрі-дәрмек бағасының артуы және дәрі-дәрмектерді рецептісіз сату фактілері анықталғанын хабарлады. Бұзушылықтар бойынша әкімшілік заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ ЭТД-мен бірлесіп дәрі-дәрмектермен алыпсатарлық фактілерді анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу