Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2018 жылдың 1 шілде күні "Kazakhmys Smelting" ЖШС-не қарасты Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының маңайында соңы өлімге әкеп соққан оқыс оқиға тіркелді. Шаң, газ тазарту құрылғыларының операторы желдеткішті тазалау барысында қатты жарақат алып, бірден жан тапсырған", - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды.
"Kazakhmys Smelting" ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қаза тапқан жұмыскердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу