Жезқазған тұрғындары таза суға мұқтаж, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Салдарынан жұрт тіршілік нәрін үнемі дүкеннен сатып алуға мәжбүр. Мыс өндіруші өңір осы күнге дейін неге ашық қоймадан сүзіп берілетін сапасыз суға тәуелді?
"Судың сапасы өте нашар. Біз оны ауыз суға, ішігуе пайдаланбаймыз. Былай ыдыс жууға, кір жууға деген сияқты пайдаланамыз. Ал ішетін суды фильтрден сатып алып ішеміз", - дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Сақып Әбжамалова.
Сондай-ақ қалада су құбырлары да әбден ескірген. Салдарынан дат басып, сарғайған тіршілік нәрі ішуге келмейді. Мамандар 2025-ші жылдың соңына дейін құбырды да жаңартамыз, мәселе шешіледі деп ант суын ішуде. Бірақ, тұрғындар бұл уәдеге сенбейді.