Жезқазған жылу электр орталығы қазандығында жарықша пайда болды

3391

Жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градусқа төмен.

Жезқазған жылу электр орталығы қазандығында жарықша пайда болды Фото: Inbusiness.kz

Жезқазған жылу электр орталығында апат болып, қазандықта жарықша пайда болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градусқа төмен, яғни қалыпты 73 градустың орнына қазір 63 градусты көрсетіп отыр", - дейді қала әкімі Қайрат Шайжанов.

Әкімдік таратқан мәліметте 18 желтоқсанда №4 қазандықта жарықша пайда болғаны айтылады. Ақау анықтағаннан кейін қазандық өшіріліп, жөндеу жұмыстары басталған. Әкімдік қазандықты 19 желтоқсанда кешкі сағат 20.00-де іске қосатындарын айтқан.

Алайда, бүгін таңертең №5 қазандықта да жарықша пайда болған. Оны жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Оған қоса, №6 қазандықта істен шығып, қозғалтқышы бұзылған. Дегенмен, әкімдік барлық қазандық түнде іске қосылады деп отыр.

"Бүгін түнде төрт қазандық та іске қосылады. Температура қалыпқа келеді. ЖЭО 5-ші қандықты 20 желтоқсан сағат 10.00-де іске қосатын болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу