Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

476

Станцияның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін сағ.22:20-да басталды. 

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды Фото: Zakon.kz

"Қазақмыс Энерджи" ЖШС-не қарасты Жезқазған жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Кеше, 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа-райы жағдайына байланысты Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды.

Электр желісі параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқышындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді", - делінген хабарламада.

Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, содан кейін генерация толық төмендеді.

Стансаның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін 22:20-да басталды.

Технологиялық ақау фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен комиссия құрылды.

"Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттілігін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Kazakhmys Energy ЖШС басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды" — деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Нәтижесінде Kazakhmys Energy-дің қауіпсіз жұмыс мәселесі бойынша арнайы кеңес 17 шілде дүйсенбі күні министрлікте өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу