Жезқазғанда 14 жастағы бала суға кетті

925

Су жиналған шұңқырдың қоршалмауы салдарынан қайғылы оқиға орын алды.

Жезқазғанда 14 жастағы бала суға кетті

24 маусымда Жезқазған қаласында 14 жастағы бала суға батып кеткен.

Жезқазған – Сәтпаев автожолының жанындағы су жиналған шұңқыр маңында балалар ойнап жүрген. Бұл жердегі құбыр жарылып, содан аққан су шұңқырға жиналып қалған. 2007 жылғы қыз бала құбыр бойында ойнап жүріп, суға құлаған .  2006 жылғы жасөспірім қарындасын құтқарамын деп суға түскенде өзі батып кетіп , шыға алмай қалған. Қыз баланы сол маңда жүрген куәгерлер құтқарып үлгерген. 

"Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері жағалаудан үш метр қашықтықта ұл баланың денесін тауып алды. Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді. Сонымен қатар суда балалар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлінуіге тиіс",– деп мәлімдеді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ресми өкілі Жанна Дәуренбекова. 

Жезқазған тұрғындары шұңқырды қоршамаған, коммуналдық сала мамандарының салғырттығы қайғылы оқиғаға алып келді деп отыр. Ал Жезқазған қаласының әкімшілігі қайғылы оқиға болған шұңқырдың кімге тиесілі екенін анықтап жатқанын мәлімдеді.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу