Жезқазғанда 28,7 шақырым инженерлік желілер жөнделеді

1070

Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 610 млн теңге бөлінген.

Жезқазғанда 28,7 шақырым инженерлік желілер жөнделеді

Жезқазғанда қала әкімі төрағалығымен ЖЭО жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпорын басшылығының ақпраты бойынша, ЖЭО-да жөндеу жұмыстары кестеден қалып жатқан жоқ. 8 қазандық пен 3 турбинаны жөндеу жоспарланған. 
"Жезқазған қаласын жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ жалпы сомасы 1,5 млдр теңгеге 28,7 шақырым инженерлік желілерді жөндеуді жоспарлап отыр. Инженерлік желілерді жөндеуге екі мердігер мекеме жұмылдырылған: "Кенес-Құрылыс LTD" ЖШС, "Нұрлы- табыс" ЖШС. 
Қала ішіндегі желілерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде – бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 610 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда 11 шақырым салынған. Бұған қоса, Талап ауылының су құбыры магистралін қалыпқа келтіруге облыстық бюджеттен 173,5 млн теңге бөлінген.  Бұл магистральдің 9,5 шақырымы салынған.
Сонымен қатар шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттарға 167,6 млн теңге бөлінген.
Жезқазған ЖЭО 1954-ші жылы іске қосылған. Мұнда 8 энергетикалық қазандықтар мен 4 турбоагрегат жұмыс істейді. Станцияда жабдықтарды жаңғырту жүргізілуде. 2018 жылдың шілдесінде жаңа турбина іске қосылды.
Бекітілген электр қуатылығы – 202 МВт, жылу қуаттылығы - 540 Гкал/сағ. Кәсіпорында 628 адам жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу