Жезқазғанда 41 жастағы әйел суға батып кетті

657

Жезқазғанда құтқарушылар қала маңындағы су қоймасынан 41 жастағы әйелдің денесін алып шықты.

Жезқазғанда 41 жастағы әйел суға батып кетті

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға кеше 19 шілдеде Кеңгір су қоймасында болған.

"Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасына ТЖД күшімен 1981 жылы туған әйелдің денесі судан шығарылды", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір әйелдің өлімінің мән-жайы анықталып жатыр.

Құтқарушылардың мәліметінше, осы шомылу маусымында суға кеткендердің саны 12 адамға жетті, оның ішінде бесеуі – жасөспірімдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу