Жезқазғанда 600 млн теңгеге салынған тұрғын үйге әлі ешкім қоныстанбаған

183

Абай, Жетісу, Ұлытаужәне Алматы облыстарында жүргізілген аудит нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобалардың 27%-ы бойынша құрылыстың нормативтік мерзімдерінің сақталмағаны анықталды.  

Жезқазғанда 600 млн теңгеге салынған тұрғын үйге әлі ешкім қоныстанбаған Фото: freepik

Осы төрт өңірде орындалмаған жұмыс көлемі үшін шамамен 3,4 млрд теңгеге төлем жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әкімдіктерге өңірдегі міндеттерін шешу үшін дербестік берілді. Дегенмен жекелеген жағдайларда қаражаттың орталық деңгейде жоғары игерілуі өңірлерде төмен нәтиже көрсетіп отыр.

"Нысаналы трансферттерді жалпы сипаттағы трансферттер базасына беру есебінен өңірлерге берілетін субвенциялар шамамен 5 трлн теңгені құрап отыр. Олар соңғы 3 жылда екі еседен артық өскен. Орындалуы 98%-дан жоғары болып отырған нысаналы трансферттер де шамамен тағы 2 трлн теңгені құрады. Ал іс жүзінде қалай? Іс жүзінде бюджеттік тәртіп төмен деңгейде.

Тек төрт өңірде, яғни Абай, Жетісу, Ұлытаужәне Алматы облыстарында жүргізілген аудит нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобалардың 27%-ы бойынша құрылыстың нормативтік мерзімдерінің сақталмағаны анықталды", — деді деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов. 

Кейбір жобалардың іске асырылуы 10 жылға дейін созылып келеді.

"Уақытында аяқталмаған жобалардың 60%-дан аса қымбаттағаны анықталып отыр.

Ал қалған маңызды инженерлік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы өңірлердің сылбырлығы неге алып келетінін әлі анықтау керек.
Осы төрт өңірде орындалмаған жұмыс көлемі үшін шамамен 3,4 млрд теңгеге төлем жасалған", — деді Смайылов. 

Сондай-ақ өңірлерде өте маңызды және қажетті объектілердің мақсатына сай пайдаланылмау фактілері орын алып отыр. 

"Семей қаласында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан, атап айтқанда, жанар-жағармай станциясына жақын орналасқандықтан, 2023 жылы 1,7 млрд теңгеге салынған "Орталық" қазандығы пайдаланылмай тұр.

Жезқазған қаласында 2023 жылы шамамен 600 млн теңгеге салынған тұрғын үйге әлі күнге дейін ешкім қоныстанбаған.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда тәртіп орнату керек.
Жобалардың орындалу мерзімін ұзартуды және олардың қымбаттауы тәжірибесін шектеу қажет", — деп түсіндірді аудит өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу