Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы басталды

1587

Жаңа мектепте инклюзивті оқыту қарастырылған. Ол тек Жезқазғанның оқушыларын ғана емес, сонымен қатар Ұлытау ауданының балаларын да қабылдайды.

Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы басталды

Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа жалпы білім беретін орта мектеп мектептің құрылысы басталды. Қазіргі таңда фундамент салу, бағаналарды, плиталар мен панельдер орнату бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Жобаның құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Бұл соманың басым бөлігі осы жылы бөлінген. Құрылысты 2020 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.

Жаңа мектепте инклюзивті оқыту қарастырылған. Ол тек Жезқазғанның оқушыларын ғана емес, сонымен қатар Ұлытау ауданының балаларын да қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу