Жезқазғанда адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастағандар аса ауыр жазадан құтылып кетті

151

Екі айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 3 және 7-тармақтары "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсіз күйдегі адамды өлтіру" бойынша жауапқа тартылып отыр.  

Жезқазғанда адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастағандар аса ауыр жазадан құтылып кетті Фото: E-history.kz

Сот тергеуінде 29 қаңтар күні Жезқазғандағы пәтерде алкогольдік ішімдік ішкен үш азаматтың арасында жанжал туындағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер алқасының қатысуымен аса ауыр қылмыс жасаған екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралған. 

Прокурор екі сотталушыны да өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Десе де, алқабилер алқасының айыптау үкімі негізінде әрқайсысына қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеу үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына әрқайсысынан 5 миллион теңге моральдық зиян, 535 995 теңге материалдық залал өндірілген. 

– Сотталушылардың әрекеттері ерекше қатыгездікпен жасалған. Олар қылмысты мас күйінде, дәрменсіз адамға қатысты жасаған. Бұл – ауырлататын мән-жайлар. Алқабилер үкімі негізінде қатаң жаза тағайындалды, – деп жазылған сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу