Жезқазғанда әскери бөлім офицеріне оқ тиді

264

Атылған оқ офицердің өмірінен қаншалықты қауіп төндірді?

Жезқазғанда әскери бөлім офицеріне оқ тиді Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жезқазғанда оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицері оқ жарақатын алды. Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желіде Жезқазғанда рота командирінің аяғынан оқ жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.

"12 қыркүйекте жауынгерлік даярлық жоспары аясында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен полигонда атыс жаттығулары өткізілді. Қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде офицер аяғынан жеңіл жарақат алған. Оған сол жерде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, өмірлік маңызды ағзалары зақымдалмаған", – делінген ресми хабарламада.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығы қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу